Пәкістанда лаңкестік жасағаны үшін сотталған 500 адамды өлім жазасына кеспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан билігі террорлық актіге қатысқаны үшін сотты болған 500 жазасын өтеушіні алдағы аптада өлім жазасына кесуге ниетті екенін хабарлады Agence France-Presse.

Пәкістанда лаңкестік жасағаны үшін сотталған 500 адамды өлім жазасына кеспек

Бертінге дейін Пәкістанда өлім жазасына мораторий болған. Алайда «Техрик-е Талибан Пәкістан» қозғалысының содырлары Пешаврдағы мектепке шабуылдағаннан кейін бұл тыйым алынып тасталды. Өткен үш күнде алты адам өлім жазасына кесілді.

Айта кетейік, Хайбер-Пахтунхва провинциясында Пешавр қаласындағы әскери оқу орнына 16 желтоқсан күні шабуыл жасалған болатын. Ғимаратқа басып кірген алты талиб 500-ге тарта курсанттар мен оқытушыларды кепілге алды. Содырлар операция барысында өлтірілді, алайда олардың қолынан 149 адам, негізінен курсанттар көз жұмды.