Пәкістанда мешітті адамдармен қоса тасқын су шайып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстігінде, Ауғанстан шекарасына жақын маңда орналасқан Читрал аумағында шамамен 30 адам топан судан қаза тапты, деп хабарлайды ресейлік BBC.
Аудан басшылығының мәлімдеуінше, Арсун ауылының бірнеше үйі мен мешітті және ішінде болған адамдарды тасқын су шайып кеткен.
Сондай-ақ, сол аумақта орналасқан жергілікті полицияның сегіз мүшесі із-түссіз жоғалып отыр.
Өткен жылы да осы аумақта аса күшті су тасқыны болып, адам шығыны орын алған еді.