Пәкістанда НАТО-ға арналған алты жүк машинасын өртеп жіберді
АСТАНА. Қазанның 9-ы ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысындағы «Талибан» қозғалысының жауынгерлері Ауғанстандағы НАТО-ның әскери топтарына арналған әскери жүк автокөліктерінің тұрағына шабуыл жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Пешавардың шетінде болған шабуыл салдарынан алты автокөлік: төрт жүк көлігі, бір бензин таситын машина және контейнері бар бір трейлер жойылды.