16:50, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Пәкістанда оннан астам содырдың көзі жойылды, 150-дейі тұтқынға алынды
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында арнайы операциялардың барысында соңғы тәулікте 15 содырдың көзі жойылып, 150-ден астамы тұтқынға алынды.
Бұл туралы бейсенбі күні пәкістандық жекеменшік Aaj TV телеарнасы жергілікті өкімет өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
Операция тәлібтерді қолдаушы топтар белсенді әрекет ететін Сват алқабының таулы аудандарында жасалған. Ресми мәліметтер бойынша, көзі жойылған содырлардың ішінде іздеуде жүрген атақты дала командирі Әбу Фирадж бар.