Пәкістанда ойыншық-бомбаның жарылуынан 6 бала ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында ойыншыққа ұқсас жарылғыш зат іске қосылып, алты бала ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанда ойыншық-бомбаның жарылуынан 6 бала ажал құшты

Мәлім болғандай, оқиға Ауғанстан шекарасынан алыс емес жерде Оңтүстік Вазиристанның ауылдарының бірінді болды.

«6-12 жас аралығындағы алты ұл бала ойыншық-бомбаның жарылуы салдарынан қаза болды, тағы екеуі ауыр жарақаттанды», - деп мәлім етті Франс Пресс агенттігіне есімі аталмаған жергілікті әкімшілік өкілі.

Жарылғыш заттың қайдан келгені белгісіз. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталуда.