Пәкістанда пойыздан шыққан өрттен 25-ке жуық адам мерт болды

РАХИМ ЯР ХАН. ҚазАқпарат – Пәкістанның Карачи қаласынан Равалпиндиге бет алған жүрдек пойызда өрт шығып, салдарынан 25-ге жуық адам мерт болып, тағы 30-ы зардап шекті. Оқиға Рахим Яр Хан округі, Лиакатпур қаласында болған. Бұл туралы ҚазАқпарат Geo News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанда пойыздан шыққан өрттен 25-ке жуық адам мерт болды

«Tezgam» жүрдек пойызы күн сайын Карачи мен Равалпинди арасында қатынайды. Дереккөздің мәліметінше, өрт жолаушылар өздеріне таңғы ас әзірлеп жатқан кезде газ баллонының жарылуынан шыққан. Жалын эконом-санаттағы екі вагонды және бизнес-санаттағы бір вагонды шарпыған.

Жергілікті құтқару қызметі басшысының айтуынша, көз жұмғандардың арасында өрттен қашпақ болып вагоннан секіргендер де бар. Елдің премьер-министрі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.