21:32, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Пәкістанда пойыздардың соқтығысуынан он адам мерт болды
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның оңтүстігінде пойыздардың соқтығысуы салдарынан кемі 10 адам мерт болды, тағы 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, жолаушылар пойызы Карачидің қала маңындағы теміржолдардың бірінде тұрған жүк пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі жолаушылар вагоны айтарлықтай бүлінген.
Алдын ала деректер бойынша апатқа семафордың қызыл шамының белгісін аңғармаған жолаушылар пойызы машинисінің бейқамдығы себепші болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.