Пәкістанда сел тасқыны құрбандарының саны 430 адамға жетті

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Пәкістанда сел тасқыны құрбандарының саны 430 адамға жетті. Миана уәлаятының ақпарат министрі Ифтихар Хусейннің айтуынша, табиғаттың тосын мінезінен 400 мыңдай жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Пәкістанда  сел тасқыны  құрбандарының   саны  430  адамға жетті

Сел тасқынына қатты муссондық жауын-шашын себеп болып отыр, жауын-шашыннан елдің солтүстік-батысы қатты зардап шегуде. Ал пәкістандық синоптиктер жауынның әзірге басыла қоймайтынын айтуда. Атап айтқанда, Пешавар қаласында соңғы үш күнде 302 мм жауын-шашын жауған. Арналарынан тасыған өзен бірнеше деревняны шайып кетіп отыр.

Куәгерлер, адамдарды құтқаруға Пәкістанның құтқару қызметтерінің күші де, жабдықтары да жетпей отырғанын, соның салдарынан кісі құрбандықтары көп екенін хабарлауда. Құтқарушы тікұшақтар ауа райының салдарынан ұша алмауда, ал қайықтар жетіспейді. Белуджистан және Пенджаб уәлаяттарында сел тасқыны егістіктерді шайып кетті. Пешавар мен Исламабадтың арасын байланыстырып отырған федералдық тас жол жабылды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлап отыр.

Пәкістандағы тасқын судан көбіне кедейлер құрбан болуда. Олар қауіпсіз аумақтардан үй сатып алуға жағдайлары жетпейтіндіктен, сел тасу және лай көшу қаупі жоғары аудандарда тұруға мәжбүр.