Пәкістанда содырлар НАТО автоцистерналарына шабуыл жасап, өртеп жіберді, үш адам қаза тапты
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Пәкістанда содырлар НАТО халықаралық күштеріне арналған отын құйылған 20 автоцистернаға шабуыл жасап, өртеп жіберді.
Шабуыл салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Шабуыл үшін жауапкершілікті «Талибан» лаңкестік тобы мойнына алып отыр. «Талибанның» өкілі, НАТО колонналарын шабуылдау үшін арнайы жасақ құрылғанын хабарлады. Ол сондай-ақ, «отын жеткізілімі тоқтатылмай, шабуылдардың жалғаса беретінін» мәлім етті.
Ресми деректер бойынша, лаңкестер күзеті нашарлау тұрақта тұрған цистерналарға оқ жаудырған.