Пәкістанда су тасқыны салдарынан 37 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында қатты нөсер салдарынан болған су тасқынында 37 адам қаза тапты, 200-ден астамы жарақат алды. Бұл туралы Lenta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Дауыл ағаштар мен электр желілерінің бағаналарын құлатып, үйлерді бұзды. Хайбер-Пахтунхва провинциясының ақпарат министрі Муштак Гани хабарлағандай, барлық жергілікті ауруханаларда төтенше жағдай режімі енгізілді.
Түні бойы жаңбыр жауады деп күтілгендіктен, штат астанасы Пешавар қаласындағы әуежайда барлық рейстер кейінге шегерілді. Жауын инфрақұрылымға да зардабын тигізді. Апат болған ауданға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери қызметкерлер жіберілді. 2014 жылы тамыз айының соңы мен қыркүйектің басында Пәкістанның солтүстік-шығысындағы провинцияларда болған бірқатар апат салдарынан шамамен 300 адам қаза тапты. Ал оған дейін 2010 жылы 1800-ден астам адам қаза тауып, 10 млн пәкістандық баспанасыз қалды.