Пәкістанда су тасқыны салдарынан 800 мыңдай адам сыртпен байланыссыз қалып отыр
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Пәкістанда толастамай отырған су тасқынының салдарынан 800 мыңдай адам сыртпен байланыссыз қалып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Джон Холмстың айтуынша, оларға тек әуемен ғана жетуге болады, себебі құрғақтағы жолдардың бәрін су шайып кетіп отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.
БҰҰ өкілінің нақтылауынша, оларға гуманитарлық көмек жеткізу үшін ең аз дегенде тағы 40 тікұшақ керек.
Естеріңізге сала кетейік, Пәкістанның ондаған мың тұрғыны тасқын судан зардап шегіп отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғаттың тосын мінезінің салдарынан 1600-дей адам қаза болған, 20 миллиондай адам зардап шеккен.