Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 69-ға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда 15 шілдеде басталған су тасқыны толастамай тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғат апатынан қаза тапқандар саны 69-ға жетті. Бұған дейін 51 адам ажал құшқаны хабарланған болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.

Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 69-ға жетті

Бүкіл ел бойынша 635 елді мекен су астында қалған, 1800 үй қираған. 294 мың адам апатты аймақта қалған. Су тасқынынан елдің солтүстік-батысындағы провинциялар қатты зардап шекті. Өңірде құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Айта кетейік, мұндай алапат су тасқынына муссонды жауындар маусымы себеп болып отыр.