Пәкістанда Талибанның белді басшысы өлтірілді

ӘБУ-ДӘБИ. 4 қаңтар. ҚазАқпарт - Талибтердің командирі Мулла Назир және оның төрт жақтасы Пәкістанда американдық пилотсыз ұшу аппараттарының шабуылы нәтижесінде қаза тапты, деп хабарлады Рейтерс.

Пәкістанда Талибанның белді басшысы өлтірілді

Сондай-ақ Мулла Назир есімімен танымал Маулави Назир Вазир «вазир» дәулетінен шыққан жер үстіндегі белді командирлерге жатады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол және оның төрт сыбайласы сәрсенбіге қараған түні өлтірілді, американдық зымырандар олар тұрып жатқан Оңтүстік Вазиристан провинциясындағы үйді жарып жіберді. АҚШ-тың жеті барлау дерекөзі және аталмыш дәулеттің екі тұрғыны БАҚ-қа бұл ақпаратты растады. «Оның орынбасары, Ратта Хан да өлтірілді», - деп қосты дереккөз.

Мулла Назир Ауғанстанда американдық әскерлерге шабуылды белсенді қолдап отырған Талибанның радикалды өкілі болды.

Өңірлік БАҚ-тар американдық пилотсыз зымырандардың шабуылдары АҚШ президенті Барак Обама қызметіне кіріскеннен кейін күрт артқандығын атап өтуде.