Пәкістанда тәлібтерге қарсы жасалған операциялар барысында 43 бейбіт тұрғын қаза болды

ИСЛАМАБАД. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Ақпанның 1-і күні Пәкістанда тәлібтерге қарсы жасалған операциялар барысында 43 бейбіт тұрғын қаза болды,
None
None
деп хабарлайды CNN телеарнасы пәкістан армиясындағы анонимді дерек көзге сілтеме жасап. Оқиға Исламабадтан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Сват алқабында орын алған. Таулы жерде орналасқан бұл өңір бұрындары туристер мен тау шаңғышыларының жақсы көретін орны болған, ал соңғы кездері «Талибан» қозғалысының тірек бекетіне айналып отыр. Бұған дейінгі ақпараттарда, пәкістан армиясы бұл аймақта тәлібтерге қарсы әскери операция жүргізіп жатқаны айтылған болатын.
Соңғы жаңалықтар