Пәкістанда университетке шабуыл кезінде қаза тапқандардың саны 25 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Чарсадда қаласында университетке шабуыл кезінде қаза тапқандар саны 25-ке жетті, деп хабарлады Пәкістан ақпарат министрі Шаукат Юсуфзайдың мәлімдемесіне сілтеме жасап Dayli Pakistan басылымы, деп мәлімдеді РИА Новости.

Пәкістанда университетке шабуыл кезінде қаза тапқандардың саны  25 адамға жетті

Бұдан бұрын жергілікті полиция 21 адамның қаза тапқанын, 50 адамның зардап шеккенін растаған. "Техрик-и-Талибан Пәкістан" - "Талибан" террорлық қозғалысының пәкістандық қанатының содырлары шабуылға жауапкершілікті өз мойындарына алды, шабуылдаған 4 адам өлтірілді.

Шабуыл таңертең орын алды. Университет аумағына бірнеше қарулы адам кіріп келген. Полиция деректеріне сәйкес олар төртеу, алайда кейін олардың саны сегізге көбейгені туралы ақпарат пайда болды.