Пәкістанда үш қолды қыз дүниеге келді

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Пәкістанның Дера-Гази-Хан қаласында дәрігерлер патологиямен дүниеге келген қыздың өмірін сақтап қалуға тырысуда.
None
None

2012 жылдың 25 сәуірінде Таунса-Шариф елді мекенінің перзентханасында ерекше ауытқушылығы бар - үш қолды қыз дүниеге келді. Айта кетейік, мұндай жағдай милионның арасында бір рет кездеседі.

Ауыр босанудан кейін әйел мен нәресте қаланың басқа бөлігінде орналасқан Nishtar Hospital Multan ауруханасына жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кейін анықталғандай, жаңа босанған ана мен оның сәбиі өздерін жақсы сезінуде. Дегенмен, шақалаққа дереуарада хирургиялық ота қажет.

«Мен қызымды алғаш көргенде қатты таңырқадым. Қызымыздың арқасында үшінші қолы бар», - деді сәбидің әкесі Вакар Ахмад.

Сәбидің анасының сөзіне қарағанда, оның жүктілігі қалыпты өтті, дегенмен  ол УЗИ тексерісінде мүлдем болмаған көрінеді. Сондықтан баланың паталогиясы ол үшін күтпеген жағдай болды.

«Қазіргі уақытта дәрігерлер нәрестені емдеудің әртүрлі жолдарын қарастыруда. Алдағы уақытта артық қолын алып тастау бойынша күрделі операция өткізу қажет, - деп мәлімдеді жергілікті денсаулық сақтау департаментінің өкілі.

Қыздың әкесінің сөзіне қарағанда, операция жасату үшін олардың қаражаты жоқ. Отбасы емдеу шығындарын өтеп бере алатын қайырымдыларды істестіруде.

Соңғы жаңалықтар