Пәкістанда жанкештінің жарылысы 14 адамның өмірін қиды
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Пәкістандағы Равалпинди гарнизондық қалашықта жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кем дегенде 14 адамның өмірі қиылды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Опат болғандардың ішінде кем дегенде сегізі бейбіт тұрғын бар. Жарылыс Пәкістан әскері бас штабының маңында орналасқан базарда орын алды. Равалпинди полиция басшысының сөзіне қарағанда, аталған базар қалада мұқият күзетілетін ауданда орналасқан. Бұл жарылысқа жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алып отырған көрінеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, жексенбіде тәлібтердің шабуылы салдарынан Солтүстік Визиристан провинциясында 20 әскери қызметкер қаза болды.