Пәкістанда жарылыстарды болдырмау мақсатында ұялы байланыс өшірілді

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Пәкістанның ірі қалаларында операторлар Жаңа жылды қарсы алып жатқан

Пәкістанда жарылыстарды болдырмау мақсатында ұялы байланыс өшірілді

сунниттердің шийттерге экстремистік шабуылын болдырмау мақсатында ұялы телефон байланысына уақытша шектеу қойды.

Ұялы телефон байланысы Карачи, Кветта қалаларында, сондай-ақ ел астанасы мен Исламабадтың кейбір аудандарында өшірілді. Қауіпсіздік қызметі экстремистердің акциясы сенбі немесе жексенбі күні орын алуы мүмкін деп секем алуда.

Билік өкілдері мәлім еткендей, жарылғыш заттардың 90 пайызы ұялы телефон байланысы арқылы іске қосылады. Бірнеше күн бұрын Исламабадтан алыс емес жерде жанкешті-лаңкестің діни рәсім барысына жасаған шабуылы нәтижесінде 23 шийт қаза болды.