Пәкістанда жер асты дүмпулері салдарынан 100-ден астам адам қаза болып, теңіз түбі көтерілді

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше кешке Пәкістанның оңтүстік-батысында тербелісі 7,8 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды АҚШ Геологиялық қызметі.

Пәкістанда жер асты дүмпулері салдарынан 100-ден астам адам қаза болып, теңіз түбі көтерілді

Reuters агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, құрбандар саны 45 адамға жеткен. алайда "Интерфакс" Пәкістан қауіпсіздік қызметтеріне сілтеме жасап, құрбандар саны 65 адамға жеткенін хабарлайды. Бұл көрсеткіш әлі да көбеюі мүмкін деп күтілуде.

Келіп түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда, жер асты дүмпулерінің салдарынан, сондай-ақ, Белуджистан провинциясының тұрғын үйлері және жаңа салынып жатқан құрылыстар қирап қалған.

Жер асты дүмпулерінің күші өте жоғары болғандықтан, кей жерлерде теңіз түбі көтеріліп кеткен. Нәтижесінде Аравия теңізінде Гвадардың жағалық сызығынан шамамен 600 метрде кішігірім арал пайда болды.