Пәкістанда жерлеу рәсімі кезінде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Пәкістандағы жерлеу рәсімі кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Пәкістанда жерлеу рәсімі кезінде жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Соның салдарынан аз дегенде 10 адам қаза тауып, тағы ондағаны жарақат алды.

 Жергілікті дереккөздердің мәліметтері бойынша, елдің солтүстік-батысындағы Пешавар провинциясындағы қорымдардың бірінде жарылыс затын жанкешті іске қосты.

 «Бұл жанкештінің шабуылы болды - біз оқиға орнынан оның сүйектерін таптық. Қазіргі кезде қаза тапқандардың саны 12-ге жетті, 30-дан астам адам жарақаттанды», - деп мәлімдеді Пәкістан полициясының өкілі Франс пресс агенттігіне.

Әзірше жергілікті экстремистік топтардың ешқайсысы өзіне жауапкершілікті алған жоқ, бірақ соңғы рет осындай оқиғалар үшін жауапкершілікті бұл аймақта сойқан салып жүрген ислам содырлары мойындарына алған болатын.