Пәкістанда жол апаты тоғыз адамның өмірін қиып кетті

НҰР-СҰЛТАН. Синьхуа– ҚазАқпарат – Пәкістандағы Азад-Кашмир қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде тоғыз адам мерт болып, 16 адам жарақаттар алған. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды

Пәкістанда жол апаты тоғыз адамның өмірін қиып кетті

Агенттіктің дерегінше, жолаушылар фургоны жолдан тайып, жыраға түсіп кеткен. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік Пенджаб провинциясының шығысындағы Равалпинди қаласынан шыққан.