Пәкістанда жолаушылар автобусының шыңырауға құлауы салдарынан 25 адам қаза тапты

АСТАНА.   Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат -Бейсенбі күні  Пәкістанда  үлкен жол  апаты  орын  алды.    Жолаушылар  автобусының  шыңырауға құлап  кетуі салдарынан   25 адам қаза болып,   30-дан  астам  адам       түрлі жарақат алды. Оқиға   Кашмир штатының  таулы жолдарында  болды, 

Пәкістанда   жолаушылар  автобусының  шыңырауға құлауы салдарынан  25 адам қаза тапты

деп    хабарлайды   ИТАР-ТАСС агенттігі.

Жергілікті  полицияның    мәліметтері  бойынша,   әзірге анықталмаған  себеппен  автобус  жолдан шығып  кетіп,   тереңдігі  300 метрлік  шыңырауға құлаған.

Жаралылардың көбісінің  жағдайлары ауыр,  сондықтан да құрбан болғандардың саны әлі көбеюі  мүмкін.