Пәкістанда жүк көлігі мектеп ғимаратын бұзып кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-шығысындағы БАГХ кашмирлік округінде қыздар мектебінің ғимаратына жүк көлігі бұзып кірді, кемінде бес адам қаза тауып, 30-ы жарақат алды. Бұл туралы Xinhua агенттігіне сілетем жасап ТАСС хабарлады.
Оның мәліметіне сүйенсек, қаза тапқандардың арасында - білім беру мекемесінің төрт студенті мен бір мұғалімі болған.
Жүк көлігінің жүргізушісі машинаны басқара алмай, жолдан шығып кетіп, мектеп ғимаратын бұзып кірген. Күдікті оқиға орнынан жасырынып қалады, кейіннен полиция қызметкерлері тұтқындады. Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.