Пәкістанда зымыран соққысынан он адам опат болды

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында ұшқыш басқармайтын екі зымыран соққысының салдарынан он адам қаза тапты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Пәкістан барлаушыларының хабарлауынша, Солтүстік Уәзірстандағы елді мекенді атқылудың мақсаты - ауғандық тәліп Джалалуддин Хаккани қолбасшылық ететін жасақтар тобы нысанаға алынған болуы ықтимал. Оның жасақтары Ауғанстанда орналасқан халықаралық әскерлер коалициясына шабуыл жасау үшін үнемі шекараны бұзып тұрады.

Ұшқыш басқармайтын екі зымыран да, алдын ала болжамдарға сай, АҚШ әскерлеріне тиесілі екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум