Пәкістандағы екі лаңкестік үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ

АСТАНА.  Қарашаның  3-і.  ҚазАқпарат  - Пәкістанда дүйсенбі күні      жанкештілер  жасаған  екі  лаңкестік әрекетті  ұйымдастырудың жауапкершілігін  әзірге ешкім мойнына алған жоқ,
None
None

 дегенмен  өкімет   тәлібтерге күдік келтіріп  отыр,  деп    хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.

 Дүйсенбі күні Равалпинди  қаласындағы  әскери штабтың жанында  болған   жарылыс кезінде 35 адам  қаза  болған   еді.

 Бірнеше сағаттан кейін  екінші   бір жанкешті    Лахор    қаласында, полиция бекетінің  жанында   бомбаны іске қосты.   7 полиция  қызметкері    жарақат алды,   екеуі ауыр жағдайда.

 Пәкістан  президенті    Оңтүстік Вазиристандағы    «Талибан»   содырларының   жасақтарына шабуылдың күшейтілетінін мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар