Пәкістандағы сайлау: дауыс беру аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанда өткен сайлауда федеральдық парламенттің және өңірлік заң шығарушы жиналыстың  жаңа құрамы сайланды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Пәкістандағы сайлау: дауыс беру аяқталды

85 мыңнан астам сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де жабылды.

Аталмыш сайлауда елдің 105 миллион халқы дауыс беру құқығына ие болған.

Негізгі тартыс экс-премьер Наваз Шариф көшбасшылық еткен Пәкістан мұсылман лигасы мен бұрынғы крикет ойыншысы Имран Хан басқарған «Пәкістан Терик-и-инсаф» партиясы арасында болды.

Пәкістанның сайлау комиссиясы елде дауыс беру жүйесіне қатысты 600 шағым туралы хабарлады.

Еске салайық, Пәкістанда дауыс беру күні жаңкешті лаңкес ұйымдастырған ірі терактілердің болған еді. Кветта қаласындағы жарылыс салдарынан 31 адам қаза тапты.