Пәкістандағы жарылыс: 16 адам ажал құшып, 30-ы жараланған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пәкістанда болған жарылыс салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы отыз адам жараланған. Бұл туралы жұма күні GeoTV телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға Кветта қаласындағы базарда жергілікті уақытпен 07:35-те болған. Ал жарылғыш зат қолдан жасалған.
Қазір жарылыс болған аумақты қауіпсіздік күштері қоршауға алды.