16:18, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Пәкістандағы жарылыс құрбандарының саны 20 адамға жетті
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Ауғанстанның батысында болған жарылыс салдарынан кемі 20 адам мерт болды, бірнеше ондаған адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті құтқару қызметі өкілдерінің хабарлауынша жарылыс елдің астанасы Исламабад қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан Равалпинди қаласы аудандарының бірінде, банк пен қонақ үй ғимараттарының жанында және Пәкістан әскері бас штабына онша қашық емес жерде орын алған.
Полицияның деректері бойынша, жарылғыш зат көлік тұрағындағы мәшинелердің біріне қойылуы мүмкін. Таяу уақыттары жарылыс құрбандарының саны артуы ықтимал деп күтілуде.