Пәкістандағы жойқын жарылыс: 10 адам көз жұмып, 15-і жарақаттанды

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында болған жойқын жарылыстың салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмып, тағы 15 жергілікті тұрғын жарақаттар алды, деп хабарлады РБК.
None
None

Оқиға Пешавар қаласында орын алды. Полицияның берген мәліметтеріне қарағанда, жарылғыш зат базар алаңындағы тұрақта тұрған көлікке қойылған.

Құқық қорғау органдарының өкілдері мәлім еткендей, бомбада 10 келіге жуық жарылғыш зат, сондай-ақ метал сынықтары болды.  Пешавар полициясы басшыларының бірі атап өткендей, барлық зардап шеккендер қажетті медициналық көмектерді алуда, алайда олардың денінің жағдайы аса ауыр. Қазіргі уақытта бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар