Пәкістандық әскер тәлібтерге қарсы әуеден соққы берді
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Пәкістандық авиация Ауғанстан шекарасы маңындағы Солтүстік Визиристан провинциясында тәлібтердің орналасқан жерін бомбалап соққы берді.
Билік тарапы таратқан мәліметке қарағанда, 15 содыр қаза болды.
Бұл бес жылдың ішінде осы өңірде Талибан тобына қарсы Пәкістанның тұрақты әскерінің бірінші үлкен операциясы болып табылады.
Бұл операция тәлібтердің жексенбіде Солтүстік Визиристанда әскери жасаққа шабуылынан кейін ұйымдастырылып отыр. Сол кезде кем дегенде 20 әскери қызметкер қаза болған еді.