Пәкістандық премьер-министр газсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір апта бұрын Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф елде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің төлемдері уақтылы болуын қатаң бақылауға алуды тапсырған еді.

Пәкістандық премьер-министр газсыз қалды

Енді міне тиісті төлем жасамағандықтан, оның резиденциясы газсыз қалды, деп жазды Pakistan Today газеті.

Белгілі болғандай, «борышкерлерге қарсы күрес» жүргізуге шақырған премьер қарызға белшесінен батқандардың қатарынан бір-ақ шыққан. Газды тоқтатқанға дейін оның қарызы 4,7 млн. пәкістандық рупийден (шамамен $48 000) асқан.

Sui Northern Gas Pipelines Limited (SNGPL) газбен жабдықтау компаниясы анықтағандай, парламент ғимаратында да газ үшін төлемдер жасалмаған. Сөйтіп олардың борышы 7,7 миллион рупийді ($78 000) құраған. Өзге де мекемелерде осындай жағдай орын алған.