Пәкістанның Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы теңізге құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы Арабия теңізіне құлап, бір әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Geo TV телеарнасы.

Пәкістанның Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы теңізге құлады

Телеарнаның деректеріне қарағанда, тікұшақ жағалау бойымен ұшып бара жатқан кезінде теңізге құлаған.

Бір әскери қызметші мерт болған, экипаждың  қалған мүшелері жарақаттанған. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары әзірге  белгісіз.