Пәкістанның бұрынғы президенті Мүшаррафқа Беназир Бхуттоның өліміне қатысы бар деген күдік келтірілуде

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мүшарраф Беназир Бхуттоның өліміне қатысы бар деп айыпталып отыр.
None
None

Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлады.

Мүшаррафқа экс-премьер Беназир Бхуттоға қастандық жасалардың алдында оның күзетінің бастығын ауыстырды, ал Бхутто өлтірілгеннен кейін, лаңкестік әрекет болған жерге су құйып, айғақтарды жоюға бұйрық берді деген күдік келтірілуде.

Қазір Лондонда тұрып жатқан Мүшарраф тергеумен ынтымақтасудан бас тартып отыр.

Соңғы жаңалықтар