Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайта тұтқындалды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф 2007 жылы Лал-Масджид мешітіндегі арнайы операция кезінде қаза болған 100 адамның өліміне қатысты деген айыппен тұтқындалған болатын.
None
None

Пәкістанның бұрынғы президенті жұма күні сот алдында жауап береді, деп хабарлануда.

Сәрсенбі күні сот Мушаррафты басқа істі тергеу шеңберінде босатты. Соған байланысты экс-президенттің қорғаушылары кеше «ол енді азат адам» деп мәлімдеген еді. Ол кезде Мушарраф басқа айыппен түрмеде отырған. Ол айыптардың ішінде Беназир Бхуттоның да өлімі бар.

Атап өтейік, Пәкістанның бұрынғы президенті, әрі бас қолбасшысы 2008 жылдан бері ерікті айдауда жүрген, алайда биыл саяси алаңға қайта оралу үшін елге қайтып келген болатын.

Соңғы жаңалықтар