Пәкістанның бұрынғы президентінің ұрланған баласы құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның бұрынғы президенті Юсуф Реза Гиланидің осыдан үш жыл бұрын Пенджаб провинциясында ұрланған баласы Ауғанстанда ауғандық және американдық арнайы қызметтің бірлескен операциясы барысында тұтқыннан құтқарылды.
Пәкістандық биліктің хабарлауынша, Әли Хайдер Гилани медициналық тексеруден өткен соң Пәкістанға жеткізіледі.
Әли Хайдер Гилани - Юсуф Реза Гиланидің кенже ұлы, 2008 жылдан 2012 жылға дейін Пәкістанның премьер-министрі болған.
2013 жылы ол Мұлтан қаласында жалпы сайлауға екі күн қалғанда ұрланған. Ол кезде Пенджабта заң шығарушылық жиналысқа депутаттыққа үміткер болатын.