Пәкістанның бұрынғы президентінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Пәкістанда елдің бұрынғы президенті Первез Мүшаррафтың үстінен қылмыстық іс қозғалды,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Тергеу экс-президенттің 2007 жылы 60 судьяны үйқамаққа жабу туралы жарлығының қаншалықты заңды болғанын анықтамақ.
Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын Пәкістанда президенттік сайлау өткен болатын. Сайлау қорытындысының ресми жариялануы кешіктіріліп, оппозиция Мүшаррафтың кандидатурасын алып тастауды талап еткен болатын, сол кезде экс-президент елде төтенше жағдай режимін енгізіп, судьяларды үйқамаққа жапқан болатын.