Пәкістанның көршілері сайлаудың нәтижесін оң қабылдады

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Пәкістанның көшбасшы көрші мемлекеттері Исламабадтағы жаңа үкіметке сенім артатындарын білдіріп отыр. Билік басына «Мұсылман лигасының» көшбасшысы Наваз Шариф келуі ықтимал.

Пәкістанның көршілері сайлаудың нәтижесін оң қабылдады

Бюллетеньдердің бір бөлігін есептеу қорытындысы және экзит-поллдың ақпарына сәйкес Шарифтың партиясы айтарлықтай дауысқа ие болған, олардың бірпартиялы кабинет қалыптастыруға мүмкіндігі мол. Үндістанның премьер-министрі Манмохан Сингхтің мәлімдеуінше, Шариф «айқын басымдықпен жеңіске жетті». Ол өз сөзінде пәкістан-үнді қарым-қатынасының жаңа бағыты қалыптасатынына үміт артатынын айтып, «Мұсылман лигасының» көшбасшысына Үндістанға сапар жасауды ұсынды.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай лаңкестер жасырынатын баспанасын жою бағытында Пәкістанмен ынтымақтастық орнайтынына өз үмітін білдірді. АҚШ президенті Барак Обама пәкістандық сайлауды елдің демократиялық дамуындағы тарихи кезеңге балады.