Пәкістанның Лахор қаласындағы жарылыстан 10 адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Лахор қаласында митинг кезінде жарылыс болды. Оннан астам адам мерт болып, тағы осыншама адам зардап шекті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
«Теракт жергілікті химия және фармацевтика өнеркәсібі жұмысшыларының шеруі кезінде орын алды. «Жанкешті өзін-өзі жарып жіберген болуы керек, алайда полиция әлі де тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр»,-деді Пенджаб Найаб Хайдер провинциясының құқық қорғау органының өкілі.
Оның сөзінше, екі жоғары шенді полиция қызметкерінің құрбан болғаны расталды.
Осы әрекет үшін жауапкершілікі мойнына «Талибанмен» байланысты бар «Джамаат-уль-Ахрара» террористік тобы алды.
Аталмыш ұйым өкілдері 2016 жылдың наурызында Лахор паркінде жарылыс ұйымдастырған болатын. Ол уақытта террористердің көздегені христиандар болатын. Жанкешті іске қосқан жарылғыш заттың салдарынан 70 адам көз жұмды.