07:53, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Пәкістанның оңтүстігінде содырлармен қақтығыста 14 сарбаз оққа ұшты
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Пәкістанда экстремистер жасағы армия сарбаздарына шабуыл жасап, кемінде 14 әскери қызметкерді қазаға ұшыратты, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Шабуыл елдің оңтүстігінде Муса-Хэль ауданында болды. Содырлар сарбаздар көмір өндіретін шахтаны күзетуге бара жатқанда тұтқиылдан шабуыл жасады.
Армия содырарды табу үшін аумақты тазартуға кірісті. Бұл шабуылға жауапкершілікті «Белуджистанды азат ету армиясы» ұлтшылдар тобы өз мойнына алды.