Пәкістанның солтүстік-батысында сел тасқыны салдарынан 100-ге жуық адам опат болды
АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында нөсер жауыннан болған селді тасқынның салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.
Арнасынан тасыған өзендер бірнеше деревняны шайып кетті. Ондаған адамдар суға батып кеткен, тағы біраз адам үйінділердің астында қалып қойып немесе электр тогы соғып қаза тапқан.
Ресми тұлғалардың хабарлауынша, бұл соңғы 80 жылдағы ең үлкен тасқын болып отыр. Синоптиктер болса, елдің басым бөлігінде нөсер жауынның әлі жоқ дегенде тағы бір тәулікке созылатынын болжап отыр.