Пәкістанның солтүстік-шығысындағы жол апатынан 30 адам қаза тапты
ПӘКІСТАН. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында жолаушылар автобусы трейлермен соқтығысып, 30 адам қайтыс болды, 74 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін Синьхуа агенттігі 27 адам қаза тауып, 30-дан астам адам зардап шеккені туралы хабарлаған болатын.
Reuters хабарлағандай, жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды, олардың кейбіреулерінің жағдайы ауыр деп бағаланады.