Палата отырысына шығарылатын заң жобалары анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылауға болатынын мәлім етті.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынысымен «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Француз Республикасының Yкiметi арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманың (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) күшін жою туралы» заң жобалары депутаттар талқысына шығарылатын болды.
Депутаттар жалпы отырыста кейбір заңдарға міндетті және өзара сақтандыру, салық салу, балық шаруашылығы мәселелері бойынша қос Палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын қарайтын болады.
Бюро мүшелері бүгін 2010 жылғы қаңтар айында Украина Президентінің сайлауына дайындық пен оны өткізу барысын байқау үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясыннан, сондай-ақ Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясынан байқаушылар миссиясына Мәжілістің қатысуы туралы мәселені қарады.
Отырыста Палатаның заң шығару қызметіне қатысты және басқа да мәселелер қаралды.