Палеонтологтар динозаврлардың каннибализмдігін растады

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Альберт Университетінің палеонтологтары жыртқыш горгозаврлардың өз қандастарын жегенін анықтады. Бұл жөнінде университеттің сайтындағы баспасөз баянында айтылған,

Палеонтологтар динозаврлардың каннибализмдігін растады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу аясында, 1996 жылы Канаданың аумағында табылған қатып қалған кесірткелер зерделенген. Зерттеу уақытында динозаврдың бас сүйегінен басқа гаргозаврдың қадалған тістері табылған. Ғалымдардың айтуынша, зерттеу тістері қалып қойған кесірткенің басындағы жарақат ол өлер алдында әлі жазылмағанын көрсеткен.

Осылайша, екі нұсқаның нобайы пайда болды. Не динозавр қандасы тістегеннен кейін жан тапсырған, не өлі горгозаврдың денесінде тісі қалған. Іздерді талдау мынаны - тістер бір динозаврды екіншісі жеген кезде қалғанын көрсетті.