Палеонтологтар ең байырғы еуропалық қалталы жануарды тапты
АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Француз палеонтологтары Еуропадағы байырғы белгілі қалталы сүтқоректілердің қаңқасын тапты.
Табылған олжа бірнеше тістен тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.Қалталылар - бұлар сүтқоректілер тобындағы инфраотряд. Инфраотряд деген атау - ұрғашы жануардың балаларын жетілдіруі үшін арнайы қалтасының болуы - осы жануарларға өзіндік сипат береді. Қалталы жануарлар Жерге мезозой дәуірінде таралған болатын, алайда кейіннен оларды плацентарлы сүтқоректілер ығыстырып шығарады. Қазіргі уақытта қалталы жануарлар негізінен Австралияда, Жаңа Гвинеяда және оған жақын маңдағы аралдарда сақталған.Бірнеше тісті табу үшін жаңа жұмыстың авторлары бес тоннаға жуық топырақ жыныстарын електен өткізді. Зерттеушілер олжаны Arcantiodelphys marchandi деп аталатын, бұған дейін белгісіз болып келген қалталылардың түрлеріне жатады деген қорытындыға келді. Arcantiodelphys marchandi қалдығы бор дәуірінде Солтүстік Америка мен Еуропаның фаунасы «араласып жатқанының» жанама дәлелі болып табылады.