Палестина БҰҰ-ға автономия ретінде толық мүшелікке өтуді көздеп отыр
АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Палестиналықтар алдағы қыркүйек айында Бас ассамблеяда Біріккен ұлттар ұйымына автономия ретінде толық мүшелікке өтуді көздейді.
Мұны жексенбіде Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас кнессет (Израиль парламенті) басшысы Захава Гал-Он басқарған «Мерец» солшыл партиясының делегациясымен кездескенде мәлімдеді, деп хабарлайды Мuslim.kz.
Сондай-ақ, ол Израилмен арадағы жанжалды реттеуге күш салатынын жеткізді. «БҰҰ-да жаңа сұрау салу осы мәселені шешудің балама жолы турасында емес, оны жүзеге асырудың кепілдігі жөнінде болуы мүмкін»,-деді ол өз сөзінде.
«Джерузалем пост» газеті «Мерец» делегациясының өкіліне сілтеме жасай отырып, былай дейді: «Кездесу барысында Гал-Он Израиль СІМ басшысы Авигдор Либберманды халықаралық араағайындыққа жүрген төрттіктің (АҚШ, РФ, БҰҰ және ЕО) жуықтағы жолдауында автономияда тездетіп сайлау өткізу арқылы Палестина билігінен Аббасты кетіру жөнінде айтқан әңгімесін сынға алды. Депутаттар министрдің бұл әрекетін қатаң айыптады. Бұған Аббастың өзі де қосылды және оның айтуынша, Либерман бейбіт келісімді болдырмауды көздейді.
Бұған Либерманның өкілі «Аббас бар уақытын Израильге қарсы дипломатиялық террорға сарп етеді» деп жауап берді.