Палестина Мемлекетінің Президенті М. Аббас: Біз Қазақстанды бауырлас ел санаймыз - «ҚазАқпарат» ХХА тілшісімен сұхбат

АММАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай Палестина Мемлекетінің бірінші Президенті Махмұд .Аббасқа Қазақстанның Палестинадағы елшісі ретінде қызметті қоса атқаратын сенім грамотасын тапсырды.

Палестина Мемлекетінің Президенті М. Аббас: Біз  Қазақстанды бауырлас ел санаймыз - «ҚазАқпарат» ХХА тілшісімен сұхбат

Тапсыру рәсімі Амман қаласындағы Палестина Мемлекетіндегі елшілікте өтті, оған Палестинаны азат ету ұйымы атқару комитетінің Бас хатшысы (ПАҰ) Саиб Урейкат та қатысты. Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды және палестина мәселесін талқылады.

А.Бердібай Палестина басшысын Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының негізгі аспектілерімен таныстырды. Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, сондай-ақ мемлекеттің ірі халықаралық бастамалары туралы айтып берді. Қазақстандық елші әңгіме барысында тарапқа Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде аталып өтілген тақырыптардың өзектілігіне мән берді.

Тапсыру рәсімі аяқталар тұста «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Палестина Президенті М.Аббас өзінің палестина мәселесін реттеуге қатысты перспективасын айтып және Қазақстанға ризашылығын білдірді.

«Біз Қазақстанға ризашылығымызды білдіреміз, сіздерді бауырлас ел ретінде санаймыз. Елдеріңізді бауырлас дегенімде мен палестина-израиль дағдарысын шешуге байланысты БҰҰ-да дауыс берулерге елдеріңіздің қатысқанын айтып отырмын. Палестина мәселесі - бұл тек қана палестинаның ғана мәселесі емес, ол араб және барлық мұсылман халықтарының мәселесі. Қазақстандықтар біздің басымыздан кешкендерімізді сезініп, бізге жанашырлық танытуда», - деді Палестина басшысы М.Аббас сұхбатында.