Палестина президенті алдағы сайлауға түсуден бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббас президент сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынудан бас тартатынын мәлім етті.
«Маған көрсетіліп жатқан қысымға қарамастан, алдағы президент сайлауынан бас тарту туралы шешімге келдім», - деді ол. Еске сала кетейік, Махмұд Аббас Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы ретінде алғаш рет 2005 жылы сайланған болатын. Бұл лауазымға ол одан кейін де бірнеше рет сайланған, деп хабарлайды Интерфакс.