10:38, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Палестина президенті Түркияға ресми сапармен барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестина президенті Махмуд Аббас Түркия еліне ресми сапармен келіп жетті, деп хабарлайды «Анадолу».

Палестина көшбасшысының ұшағы Анкарадағы «Есенбұға» әуежайына келіп қонды. Палестина мемлекетінің басшысын Түркия Республикасының Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Озлю қарсы алды.
Палестина президенті М.Аббас әріптесі, Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.
Сапар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас төңірегіндегі бірқатар мәселелер, сонымен қатар палестинааралық диалог процесі талқыланбақ, деп хабарлайды Түркия президентінің әкімшілігі.