Палестина содырлары Израиль мен Иорданияның курорттарын зымырандармен атқылады - 4 адам жараланды

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Израильдің курортты Эйлатында бірнеше жарылыстар болды, деп хабарлайды РБК.

Палестина содырлары Израиль мен Иорданияның курорттарын зымырандармен атқылады - 4 адам жараланды

Израильдік телеарналардың хабарлауынша, содырлар бағыттаған үш зымыранның екеуі теңізге, ал біреуі иордан-израиль шекарасы маңына құлаған. Басқа да дереккөздерге қарағанда, Эйлатқа қарай 5 зымыран бағытталыпты.

Кейіннен белгілі болғандай, ұшырылған зымыранның бірі Иордания аумағындағы Ақаба аталатын ірі курорттық нысанның біріне тиген. Иордания бұқаралық ақпарат құралдары істері және комуникация жөніндегі мемлекеттік министр Әли Әл-Әйедтің Иордандық Petra агенттігіне берген сұхбатында Град қондырғысынан ұшырылған зымыран Ақабадағы Иитерконтиненталь қонақ үйінің жанына түсіп жарылған.

Министр, зымыранның Иордания аумағынан ұшырылмағанын мәлімдеді. Корольдік билік оқиғаны бүге-шігесіне дейін зерттеуді тапсырды.

Айта кету керек, соңғы күндері аймақтағы ахуал тым шиеленісіп кетті. Сенбі және жексенбі күндері «Хамас» қозғалысының содырлары Ашкелон мен Сдерот қалаларына шабуыл жасады. Зымыранмен атқылаудан ешкім зардап шеге қойған жоқ, алайда елді мекендерге айтарлықтай залал келтірілді.