Палестиналық жасөспірім әскери шабуыл кезінде қаза тапты

АММАН. ҚазАқпарат - Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясының Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Вифлеем қаласына жасаған шабуылы нәтижесінде 14 жасар жасөспірімнің қаза тапқанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат AlJazeera агенттігіне сілтеме жасап.

Палестиналық жасөспірім әскери шабуыл кезінде қаза тапты

Палестина өкілінің хабарлауынша, Вифлеем қаласындағы «Дхейше» босқындар лагерінде 14 жастағы жасөспірімі Израиль әскери күштерінің лагерьге жасаған шабуылы кезінде басынан ауыр жарақат алған. Кейін ол ауруханада көз жұмған.

Израиль әскери күштері таң атқанша лагерьге рейд жасап, бірнеше адамды тұтқындады, артынша Палестина жастарымен қақтығыс басталды. Палестиналық БАҚ жасөспірімнің өліміне Израиль әскерилерін айыптап отыр.

Айта кетсек, жыл басталғаннан бері Иордан өзенінің батыс жағалауында төрт палестиналық жасөспірім көз жұмған. Өткен жылдың наурыз айының соңынан бері Израиль армиясы Иордан өзенінің батыс жағалауында лаңкестікке қарсы «Волнорез» операциясын жүргізуде. Операция Израильде орын алған бірқатар лаңкестік шабуылдарды тоқтату үшін басталды. Бұл Палестинаның ауылдарында, қалалары мен босқындар лагерлерінде тұрақты рейдтер мен қақтығыстарға алып келді.


Фото: Hazem Bader/AFP